Тоқаев «Орталық Азия — Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуға барды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ақорда саммитке қатысушылардың суретін жариялады

Фото: Ақорда

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия — Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорданың баспасөз қызметі «Орталық Азия — Жапония» бірінші саммитіне қатысушыларының бірге түскен суретін жариялады.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді. Сонымен қатар ол Жапониядағы сапары аясында Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді.

Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен делегация мүшелеріне құрмет таныта отырып, қазақша амандасты. Сондай-ақ президен Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісімен кездесті

Мемлекет басшысы Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады. Сонымен қатар Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагамен кездесті және Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огаваны қабылдады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды және Тоқаев Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды.