19.12.2025, 17:32
Жаңалықтар
Қазақстанда 15 мыңнан астам ерекше бала жүріп, сөйлей бастады
Бұл еліміз бойынша ашылған «Қамқорлық» оңалту орталықтарының нақты жетістігі
Фото: Samruk-Kazyna Trust
Мамандар мен заманауи құрал-жабдықтардың арқасында бес жыл ішінде түрлі диагноздағы 6,3 мың бала жүріп кетсе, 8,6 мың бала алғаш рет сөйлей бастаған.
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының «Қайырымдылық. Сенім. Серіктестік» атты қоғам алдындағы есеп беру шарасында айтылды.
2020 жылдан бері Қор серіктестерімен бірлесе еліміздің барлық өңірінде 55 оңалту орталығын ашқан. Соның ішінде 5-уі аралас үлгідегі «Ainala» орталықтары. Бүгінде бұл орталықтар жыл сайын 30 мыңға жуық балаға тегін көмек көрсетеді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды