Қостанай облысының ауылдарына жемқорлардан қайтарылған ақшаға су берілді
Қостанай ауданының 4000-ға жуық тұрғыны орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі
Қостанай облысының Қостанай ауданында 4000 тұрғын жемқорлардан қайтарылған активтер есебінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледi, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай ауданында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен қаржыландырылатын ауқымды су құбыры желілерінің құрылысы белсенді түрде жалғасып жатыр.
Халықты таза сумен қамтамасыз етуге бағытталған бұл әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырудың соңғы сатысында тұр.
Тобыл қаласының, сондай-ақ Заречное және Лиманное ауылдарының тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі. Салынып жатқан су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 157 км құрайды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде ауданның 4000-ға жуық тұрғыны орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Қостанай облысында қайтарылған активтер есебінен барлығы 25 әлеуметтік нысан іске асырылуда.
Оның ішінде 19 жоба халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауға тұрақты және жайлы қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобаны іске асыру барысы Қостанай облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында», – делінген прокуратура хабарламасында.