Атырау қаласының тұрғындарына ескерту жасалды
19 желтоқсанда Атырауда ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 19 желтоқсан күні еліміздің бір қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл құбылыс ауа райының қолайсыз факторларының үйлесуіне байланысты. Мұндай жағдайда зиянды қоспалар ауа қабатының төменгі бөлігінде шоғырланып, таралмай қалады.
«2025 жылғы 19 желтоқсанда Атырау қаласында ауаның ластануы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар деген не және оның қаупі қандай?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосферада зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін ауа райы құбылыстары. Оларға мыналар жатады:
- әлсіз жел;
- тұман;
- температуралық инверсия.
Мұндай жағдайлар ластаушы заттардың ауада жиналуына ықпал етіп, әсіресе тығыз салынған аумақтар мен өндірістік аймақтарда ауа сапасының уақытша төмендеуіне әкелуі мүмкін.