Әзербайжан мұнайының алғашқы партиясы Арменияға жол тартты
Пашинян Әзербайжаннан Арменияға мұнай өнімдерін жеткізуді қолдады
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжаннан Арменияға алғашқы мұнай өнімдері партиясының жөнелтілуін құптайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Армян БАҚ-тары хабарлағандай, бұл туралы Армения үкіметінің басшысы бүгін брифинг барысында айтқан.
«Әзербайжанда өндірілген мұнай өнімдері тиелген алғашқы пойыз құрамы қазірдің өзінде Арменияға жол тартты. Бұл үрдісті құптаймын», – деді Никол Пашинян.
Оның айтуынша, сауда жеке компаниялар арасында жүзеге асуда, алайда мұндай ынтымақтастыққа саяси жағдайды Баку мен Ереван арасында орнаған бейбітшілік қамтамасыз еткен.
Айта кетейік, бүгін Әзербайжанның алғашқы мұнай өнімдері партиясы Арменияға Биляджари станциясынан жөнелтілді.