Ол елдің ұстанымын ескеру керек дейді
Франция президенті Эмманюэль Макрон ЕО саммиті басталар алдында Бельгияның келісімінсіз Украинаны қаржыландыруды қолдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әр адам құрметке лайық және оның пікірі ескерілуі керек», – деп Макронның сөзін келтіреді басылым.
Бельгия премьер-министрі Барт де Вевер ЕО аумағында бұғатталған Ресей активтерін Украинаны қаржыландыруға пайдалануды қолдаудан бас тартып отырғанын айтып, саммит қарсаңында өз елінің ұстанымы өзгермегенін жеткізді.
«Біздің ұстанымымыз белгілі және ол өзгерген жоқ», – деді ол.
Бұған дейін Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта, егер Бельгия қарсы болса, ЕО саммитте Ресей активтерін пайдалану мәселесінде талап етпейтінін мәлімдеген еді.