Тоқаевты Жапония премьер-министрі салтанатты түрде қарсы алды

Автор: Асыл Арман

Қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды

Фото: Ақорда

Жапония премьер-министрінің офисінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.