Ақтөбедегі оқу орнында Шотландия, Дубай және Малайзиядан келген ұстаздар сабақ бермек
Қазір қалада Heriot-Watt University халықаралық университетінің жаңа корпусы салынып жатыр
Heriot-Watt University халықаралық университетінің Ақтөбедегі кампусында шетелден келген ұстаздар сабақ бермек. Дәлірек айтсақ, Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген жастарға Шотландия, Дубай және Малайзия кампустарынан келген жоғары білікті ұстаздар сабақ береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, халықаралық кампус Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылған. Қазір кампустың жаңа корпусы салынып жатыр. Корпуста 1000 оқу орны, заманауи мәжіліс залы және асхана қарастырылған. Жоба халықаралық стандарттарға сәйкес іске асырылып, заманауи құрылыс технологиялары қолданылуда.
Heriot-Watt University Ақтөбе кампусында жалпы 518 студент оқып жатыр. Олардың қатарында Қазақстанның барлық өңірлерінен, ауылдық елді мекендерден келген жастардан бөлек, қ Өзбекстан, Ресей, Ауғанстан және Пәкістаннан келген студенттер бар.