Қазақстан әлем елдеріне 13,4 млн тонна астық экспорттады – вице-министр

Автор: Асыл Арман

Қазақстан астық экспортының көлемін ұлғайтып келеді

Фото: istockphoto.com

Биыл алынған астық көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толық өтейді, сондай-ақ экспорт көлемін ұлғайтуға да мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол 2024-2025 маркетингтік жыл ішінде Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттағанын, бұл алдыңғы ұқсас кезеңнен 47%-ға артық және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіші екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда 3,4 млн тонна жаңа астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20%-ға көп. Экспорттық әлеует шамамен 13 млн тоннаны құрайды», – деп атап өтті Азат Сұлтанов.