Жемқорлардан қайтарылған ақшаға Арал ауданының ауылдарына алғаш рет су берілді
Арал ауданында қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа су жүйелері пайдалануға берілді
Қызылорда облысының Арал ауданында Тоқабай және Ерімбетжаға ауылдарында жаңа су жүйелерінің салтанатты түрде іске қосылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік нысандар прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынды.
Жобаның жүзеге асырылуы 1000-нан астам аудан тұрғынының сапалы ауыз суға қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Осыған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды тасымал арқылы пайдаланып келгені белгілі, бұл олардың күнделікті тұрмысына айтарлықтай қиындық тудырған.
«Ауызсу нысандарының іске қосылуы мемлекетке қайтарылған активтердің азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді пайдаланылуының жарқын дәлелі болып саналады.
Өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылысы облыстық прокуратураның бақылауында», – делінген прокуратура хабарламасында.