$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Димаш Құдайбергеннің қарындасының видеосы желіде қызу талқыланды

Видеодан ол концерт залында тұрғанын көруге болады

Димаш Құдайбергеннің қарындасының видеосы желіде қызу талқыланды
Фото instagram.com/raushan_kudaibergen

Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген Қазақстан Тәуелсіздігі күніне орай патриоттық видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеодан ол концерт залында тұрғанын, залдағы экранда оның әлемге танымал ағасы Қазақстанның Әнұранын орындап жатқанын көруге болады. Раушан қолын жүрегіне қойып, Әнұранды ағасымен бірге шырқап тұр.  

«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! Қазақстан аты әлем төрінде шырқала берсін!», - деп жазды Раушан.

Бұл жазба оның оқырмандары арасында қызу пікірталас тудырды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтар әртүрлі тілде оны және Қазақстанды маңызды мерекемен құттықтады.

«Қазақстан Тәуелсіздігі күні құтты болсын! Әрдайым бейбітшілік болсын», «Достықта еркін өмір сүрейік. Қазақстан жасасын!», «Ұлы халықты құттықтаймын», «Мұхиттың арғы бетіндегі елдер біздің Гимнді шырқады. Нағыз қазақтың ұлы – Димашжан», - деп жазды олар.