Мамандар тарифтерді қалыптастыру барысында болжамдық деректерді белсендірек пайдалану керек деп есептейді
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен және қауымдастықтармен бірлесіп такси қызметінің қызметі бойынша мониторингтік топтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отырыс барысында БҚДА Бәсекелестікті дамыту жөніндегі аналитикалық зерттеу орталығының динамикалық баға белгілеу бойынша талдауы, сондай-ақ Яндекс.Таксидің комплаенс бойынша қабылдаған қолданыстағы міндеттемелерін орындау барысы туралы ақпарат тыңдалды.
«Талқылау қорытындысы бойынша Яндекс.Таксиге белгілі бір геоаймақтарда жолаушылар тарапынан сұраныстың ықтимал өсуі туралы деректерді алгоритмге интеграциялау арқылы шекті кезеңдерде баға құбылуын төмендету мақсатында предиктивтік модель шеңберінде болжамдық деректерді пайдалануды күшейту ұсынылды», - деп жазылған хабарламада.
Мұндай тәсіл жүргізушілердің қажетті геоаймақтарға уақтылы ауысуын ынталандыру шараларын қолдануға мүмкіндік береді.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда агенттік тиісті ден қою шараларын қолданады.