Ақорда ресми хабарлама таратты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсан күндері ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сапар аясында император Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.
«Бұдан бөлек, Қазақстан президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады», – делінген Ақорданың хабарламасында.