$ 522.38  612.6  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райына байланысты төрт облыста жол жабылды

Жолдың ашылуы 14 желтоқсан сағат 19:00 деп жоспарланған

Ауа райына байланысты төрт облыста жол жабылды
Фото: © istockphoto.com

14 желтоқсан күні ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның төрт өңіріндегі республикалық маңызы бар жолдарда көліктің барлық түріне уақытша қозғалыс шектеулері енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Жол қозғалысы қай өңірлерде шектелді?

Қозғалысқа шектеулер негізінен елдің батыс және оңтүстік-батыс бағыттарында енгізілді. Атырау облысында сағат 08:20-дан бастап «Атырау–Орал» жолының 14-шақырымынан 189-шақырымына дейінгі (Алмалы ауылынан Индерге дейін) учаске жабық. Бұл жолдың ашылуы 15 желтоқсан сағат 00:00 деп жоспарланған.

Одан кейін сағат 09:00-ден бастап «РФ шекарасы – Қызылорда – Шымкент» ірі дәлізінде екі облыста бірден шектеулер басталды. Қызылорда облысында жол 1240-шы шақырымнан 1806-шы шақырымға дейін (Ақтөбе облысының шекарасынан Қызылорда қаласына дейін) жабылды.

Ақтөбе облысында да осы бағыттағы жолдың 1153-шақырымынан 1240-шақырымына дейінгі (Ырғыз кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейін) учаске жабық. Ақтөбеде жолдың ашылуы 14 желтоқсан сағат 17:00 деп жоспарланған.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында сағат 11:30-дан бастап «Чапай–Жаңақала–Қазталовка» трассасының 0-ден 201-шақырымына дейінгі (Чапай кентінен Қазталовка кентіне дейін) учаскесінде қозғалыс шектелді. Бұл жолдың ашылуы 14 желтоқсан сағат 19:00деп жоспарланған.

Жүргізушілерге ескерту

«ҚазАвтоЖол» жолдардың ашылу уақыты ауа райының нақты тұрақталуына байланысты өзгертілуі мүмкін екенін ескертеді. Жүргізушілерге алыс сапарға шығудан аулақ болу және жедел қызметтердің хабарламаларын мұқият қадағалау ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары