$ 522.38  612.6  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда тіркемесі бар камаз қарсы жолаққа шығып, жеңіл көлікті мыжып тастады: екі адам қаза болды

Қайғылы оқиға «Екібастұз-Солнечный ауылы» автожолында болды

Екібастұзда тіркемесі бар камаз қарсы жолаққа шығып, жеңіл көлікті мыжып тастады: екі адам қаза болды
Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласында тіркемесі бар камаз қарсы жолаққа шығып кетіп, жеңіл көлікті мыжып тастады. Жол-көлік оқиға екі адам қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша екі адамның қаза тауып, бір адамның жарақат алуына себеп болған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жүргізуші уақытша қамау изоляторына қамалды.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 12 желтоқсан күні «Екібастұз-Солнечный ауылы» автожолының 10-шақырымында Камаз маркалы көлігінің Нефаз тіркемесімен келе жатқан жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, Great Wall автокөлігімен соқтығысқан. Одан кейін, көктайғақ жағдайында екі көлік те жол жиегіне аударылған. Автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға ЖҚЕ-ін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қарқынды қозғалыс учаскелерінде, көлік құралының техникалық жағдайын бақылауды және ауа райының өзгеруін ескеруді еске салады.

Серіктес жаңалықтары