Гуанчжоудан Алматыға жеткен ұшақтың бортында жолаушы көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға 11 желтоқсан күні болды

Фото: freepik.com

Гуанчжоу – Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Өкінішке қарай, бұл мәліметті Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желідегі деректерге сәйкес, қайғылы жағдай 2025 жылдың 11 желтоқсанында болған.

«Гуанчжоу – Алматы бағытындағы рейсте әйел адам көз жұмды. Меніңше, әр ұшақ бортында алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігер болуы керек!» – делінген жарияланымда.

Көліктегі Полиция департаменті бұл оқиға бойынша Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

«Аталған факті бойынша Алматы қаласы әуежайындағы Линиялық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала өлім себебі – созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеден Алматыға ұшып шыққан SCAT ұшағында жолаушы көз жұмғаны хабарланған болатын.