$ 518.39  603.09  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеден Алматыға ұшып шыққан SCAT ұшағында жолаушы көз жұмды (ВИДЕО)

Қайғылы оқиға SCAT әуе компаниясының ұшағында болды

Ақтөбеден Алматыға ұшып шыққан SCAT ұшағында жолаушы көз жұмды (ВИДЕО)
Фото: SCAT компаниясының баспасөз қызметі

Ақтөбеден Алматыға ұшып шыққан SCAT әуе компаниясының ұшағында жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жолаушының жағдайы күрт нашарлағаннан кейін ұшақ Ақтөбе әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды.

«Ұшақ командирі ұшу әуежайына оралу туралы шешім қабылдады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 22:50-де Ақтөбе әуежайына аман-есен қонды. Қонғаннан кейін жедел медициналық көмек қызметкерлері ұшаққа тез жетті. Алайда, жолаушыны құтқару мүмкін болмады», – деп хабарлады Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай.

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Жолаушының өлімін Көліктегі полиция департаменті де ресми түрде растады.

«Ақтөбе станциясының желілік полиция бөлімі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Өлімнің алдын ала себебі – созылмалы ауру. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес құпия болып саналады», – делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары