$ 520.02  608.79  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар 2026 жылы қанша күн демалады

Мереке күндер жұмыс күндеріне енбейді

Қазақстандықтар 2026 жылы қанша күн демалады
Фото: istockphoto.com

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңына сәйкес ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері деп танылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс күндеріне кірмейді.

Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы атап өтілетін мереке күндері:

ұлттық мереке:

25 қазан – Республика күні;

мемлекеттік мерекелер:

Осыған орай, 2026 жылғы жұмыс уақытының балансын құру кезінде Заңның нормаларын есепке ала отырып, демалыс күндеріне сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды:

бес күндікте:

  • 8 наурыздан 9 наурызға;
  • 21 наурыздан 24 наурызға;
  • 22 наурыздан 25 наурызға;
  • 9 мамырдан 11 мамырға;
  • 30 тамыздан 31 тамызға;
  • 25 қазаннан 26 қазанға;

алты күндікте:

  • 8 наурыздан 9 наурызға;
  • 22 наурыздан 24 наурызға;
  • 30 тамыздан 31 тамызға;
  • 25 қазаннан 26 қазанға.

Кодекстің 84-бабына сәйкес бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні.

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні,
7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға тура келеді.

2026 жылға арналған күнтізбелік күндердің орташа айлық саны (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндерін қоспағанда) 29,33-ті құрайды.

Серіктес жаңалықтары