Сәбидің есімі – Рәбиә Сұлтан
Әнші Қайрат Нұртас бірнеше ай бұрын өмірге келген кенже қызымен түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қызым, менің кішкентай Рәбиә Сұлтаным!» – деп жазды Қайрат Нұртас.
Әнші бұл видеосын желідегі парақшасында жариялап, жұрттың ыстық ықыласына бөленді.
«Уайым қайғымыз басылды. Бәріміз өз проблемамыз жоктай, жұртты оилап жүрген жайымыз бар», «Қайратты жаксы көріп, Тұрсынбекті жек көріп кеттік әйелдер», «Мәәә, баласын ұстады-ау қолына», «Түу, осыларды көрсем ағам мен жеңгемдей, бірге жүргендерін көрсем қуанып кетіп, ұрысып, сөйлеспей, салмай қалса бірден алаңдап отырам ғой», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, былтыр Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімовамен ажырасқалы жатқаны туралы сыбыс тараған. Артынша, эскорт қызметін ұйымдастырушы ретінде танылған блогер Айғаным Мырзахметованың (Айка) тізімінен табылғаны хабарланған. Ал биыл әншінің жұбайы жүкті екенін жариялап, көп ұзамай бесінші сәбиін босанды.