Астанадағы «Нұрлы Жол» вокзалында ер адамды пышақтап кетті: оқиғаның мән-жайы айтылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Күдікті көп ұзамай қолға түсті

Фото: Instagram/nurlyzhol_vokzaly

Астанадағы «Нұрлы Жол» вокзалында ер адамды күтпеген жерден пышақтап кетті. Оқиға салдарынан ер адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Астана станциясындағы желілік басқарма пышақ жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті оқиға ізінше дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды. Жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы тұрақты», – делінген ведомство хабарламасында.