10.12.2025, 22:12
Жаңалықтар
Атырау облысында жер үйден екі ер адамның мәйіті табылды
Қайғылы оқиға Индер ауданында болды
Фото: istockphoto.com
Атырау облысының Индер ауданына қарасты Есбол ауылында жер үйден екі ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 8 желтоқсан күні болды. Үй иесі – 1976 жылы туған ер адам, үйінде жалғыз тұрып келген. Сол күн оның қонағы да болған. Екеуі де сол жерде жан тапсырған.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, газбен улану нұсқасы жоққа шығарылды. Ер адамдар қатты қызған пештің қасына тым жақын ұйықтап қалған болуы мүмкін, бұл ағзаның шамадан тыс қызуына әкеліп, қайғылы салдарға соқтырды деп болжанып отыр.
Марқұмдардың қазасының нақты себебін сараптама анықтайды, полиция тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
12.06.2026, 15:37
«Топтасып зорлаған»: Жамбыл облысында ақыл-есінде кемістігі бар жасөспірім қыз босанды
12.06.2026, 09:12
Алматыда 13 жастағы бала қатарласын 9 жерден пышақтап, аяусыз өлтірді
12.06.2026, 12:20
Қазақстанда «теократиялық мемлекет» құрмақ болған: он үш адам ұзақ жылдарға сотталды (ВИДЕО)
12.06.2026, 16:36
«Әйелім есінен танып қалды»: Жамбыл облысының тұрғыны полиция қызметкерін жұмысына дейін іздеп барған (ВИДЕО)