Дәл коронавирустан қаза тапқан адамдар саны 188
Қазақстанда коронавирус жұқтырғаннан кейін өзінің бұрынғы ауруларынан қаза тапқандар саны 101 адамға жетті. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.
Егер, өлімі дәл коронавирустан болды деген 188 адам мен басқа дерттен қаза тапса да, денесінен коронавирус табылған 101 адамның статистикасын қоссақ, барлығы 289 фактінің саны шығады.
«Бүгінге дейін тестілеу кезінде COVID-2019 вирусы табылған, бірақ, өлімінің негізгі себебі басқа ауру, мәселен, қан тамыр аурулары, инсульт, инфаркт, онкологиялық және басқа да ауру болған өлім саны 101 адам болып тіркелді», - деп мәлім етті Алексей Цой.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан