$ 514.74  599.36  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Моңғолиядан келген қандастар енді зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы төлемдері туралы келісімге келді

Моңғолиядан келген қандастар енді зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Моңғолиядан келген қандастар енді зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады. Мәжіліс 2024 жылғы 29 қазанда Ұлан-Батыр қаласында қол қойылған Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Заң жобасын іске асыру халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтарын нығайтуға, екі ел арасындағы өзара сенімді арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан мен Моңғолия азаматтарына қоныс аудару кезінде қосымша мүмкіндіктер беріледі, яғни, екі елде жинақталған жалпы жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаржыландырылған зейнетақылар Моңғолияға көшкен кезде аударылады.

Екі елдің азаматтарына зейнетақы тағайындау және төлеу тұрғылықты елінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары