Бұған дейін Тұңғыш Президенттен коронавирус анықталған болатын
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа тапсырған тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-парақшасында жазды.
«Менің жақсы жаңалығым бар. Бүгін Елбасының коронавирустық инфекцияға тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің ұсынымымен Нұрсұлтан Назарбаев оқшаулану режимін одан әрі сақтайды, қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге көбірек уақыт бөледі», - деп жазды А.Үкібай.
Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін коронавирусқа тапсырған тест сынамасы оң нәтиже көрсеткен болатын. Бірақ, баспасөз хатшысының айтуынша, Елбасыда вирус симптомсыз болған.