БҚО-да ЖРВИ мен тұмауға байланысты 32 сынып сабағын онлайн оқып жатыр
Батыс Қазақстанда ЖРВИ және тұмау жағдайы әлі де өршіп тұр
Батыс Қазақстан облысында 1 қазаннан бастап 154 тұмау мен 48 639 ЖРВИ жағдайы тіркелді, деп хабарлайды өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Көбінесе ауру балалар арасында кездеседі: 14 жасқа дейін – 34 592 жағдай, 1 жасқа дейінгі балалар – 521, жүкті әйелдер – 99. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, тіркелген 154 тұмау жағдайының ішінде H3N2 типті А вирусы анықталған. Өткен жылмен салыстырғанда ауру саны үш есе артқан. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 109 жағдай, жүкті әйелдерде 12 жағдай тіркелген.
Қазіргі таңда облыста 12 мектептің 32 класы қашықтан оқуда. Ең көп оқушы қашықтан оқитын Сырым ауданы – 140 адам, Ақжайық ауданы – 59 адам, ал Шыңғырлау ауданында 36 оқушы бар.
Айта кетерлігі, 3 желтоқсанда 16 мектептен 37 сынып қашықтан оқуға өткен еді.