Қазақстанда 4 мың шақырымнан астам пойыз жолы жөнделді
Президент 11 мың шақырым жолды жөндеуді міндеттеді
Президент тапсырмасы бойынша «Қазақстан теміржолы» 4 мың шақырымнан астам пойыз жолын жөндеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пойыздардың жылдамдығын арттыру үшін 11 мың шақырым темір жолға жөндеу жұмысын жүргізу міндетін қойды.
Ұлттық компания басшысы баяндағандай, жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Қазіргі уақытта 4 375 шақырым жол жөнделді. Қолданыстағы желілерді жөндеумен қатар жаңа желілердің белсенді құрылысы және жалпы ұзындығы шамамен 3 мың шақырым учаскелерде заманауи автоблоктау жүйелерін енгізу жүргізілуде.
«Мемлекет басшысының 11 мың шақырым темір жолды жөндеу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында бүгінгі күні 4 375 шақырым жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ 7 учаскеде автоблоктауды жаңғырту және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарлануда», – деп атап өтті «ҚТЖ» басқарма төрағасы.