$ 508.3  592.17  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті

Биыл ұзындығы 1,7 мың шақырым болатын 9 жаңа жол учаскесі іске қосылды

Биыл ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті
Фото: «ҚазАвтоЖол»

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысында ақылы автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол биыл ұзындығы 1,7 мың шақырым болатын 9 жаңа жол учаскесі іске қосылғанын хабарлады.

«Осылайша ақылы учаскелердің жалпы саны 26 бірлікке, ал ұзындығы 4 900 шақырымға жетті. Осы жылдың 11 айында ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті», – деді Дархан Иманашев.

Бұл қаражатқа ұзындығы 4,9 мың шақырым 26 ақылы учаскені күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу, ақы алу жүйесінің инфрақұрылымын қамтамасыз ету, сондай-ақ соңғы жылдары 1 мыңға жуық жол-пайдалану техникасы сатып алынғаны, инвестор шығындарын өтеу және өзге де әкімшілік шығыстар жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Серіктес жаңалықтары