$ 508.3  592.17  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазығұртта медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде 115 млн теңге ұрланған

Бұрынғы бас дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды

Қазығұртта медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде 115 млн теңге ұрланған
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы» МКК бұрынғы бас дәрігері медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде оларды жасанды түрде бірнеше бөлікке бөліп, кейін көптеген келісімшарттар жасау арқылы сатып алуды ұйымдастырған.

Схеманы жүзеге асыру үшін ол медициналық жабдықтарды жеткізу саласында тәжірибесі бар танысын тартқан. Ол өзіне бағынысты, туыстары мен таныстарының атына тіркелген коммерциялық ұйымдарды пайдаланған. Осы компаниялардың атынан әдейі асыра көрсетілген коммерциялық ұсыныстар дайындалған.

Сонымен қатар, жабдықты іс жүзінде басқа компания жеткізгенімен, қабылдау актілері мен келісімшарттар бақылауындағы фирмалар арқылы рәсімделген.

«Ауруханадан аталған компаниялардың есепшоттарына қаржы түскеннен кейін күдіктілер қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөлген. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 115 млн теңгені құрады. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған, сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.

Бұрынғы бас дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды, ал оның сыбайласы үй қамақта отыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары