Әлемде 98 елде Қазақстан елшілігі жұмыс істейді

28 жыл бұрын 2 шілдеде Мемлекет басшысы Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосын құру туралы Жарлыққа қол қойған

Әлемде 98 елде Қазақстан елшілігі жұмыс істейді

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді әріптестерін төл мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

«Бүгінде біз әлемнің 182 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық, еліміздің маңызды халықаралық ұйымдарға кіруін қамтамасыз еттік. Қазақстанның әлемнің 103 елді қамтитын, 98 шет елдердегі мекемесі бар. Біз көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың 3700 астам халықаралық құжаттан тұратын қомақты шарттық-құқықтық базасын жасадық, ол ұлттық мүдделер мен өзекті халықаралық мәселелердің барлығын қамтиды» - деді ол.

Министр әлемде пандемия жарияланғаннан кейін Қазақстан азаматтарының елге оралуына бар күш-жігерін салып, шет мемлекеттердің медициналық көмегі мен жабдықтарын алуға атсалысқан дипломаттардың еңбегін атап өтті.

«Бұл орайда, еліміздегі төтенше жағдай мен карантин кезеңі үшін арнайы құрылған СІМ Штабының, консулдардың және белсенділік көрсеткен басқа да әріптестеріміздің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Біздің алдымызда асар белестер мен бағындырар шыңдар әлі де баршылық. Оларға қол жеткізу үшін бәрімізді жұмылған жұдырықтай біртұтас механизм болып жұмысты жалғастыруға шақырамын!», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.