$ 504.49  587.73  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ер адам есірткі қолданғаннан кейін көлік жүргізген

Оның ісі сотқа жолданды

Алматыда ер адам есірткі қолданғаннан кейін көлік жүргізген
Фото: Алматы қаласы ПД/Видеодан скрин

Алматыда 36 жастағы ер адам есірткі қолданғаннан кейін көлік жүргізгені анықталды. Оны полиция қызметкерлері қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тексеру барысында жүргізушінің сақтандыру полисі жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар, оның мінез-құлқы инспекторлардың күмәнін тудырды, сондықтан ол медициналық сараптамаға жіберілді.

Медициналық қорытындыға сәйкес, ер адамның есірткілік мас күйінде болғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс-құжаттар толтырылып, сотқа жолданды. Автокөлік арнайы айыптұрағына қойылып, жүргізуші көлік басқару құқығынан шеттетілді.

«Мас күйінде көлік жүргізу – жол қауіпсіздігіне төнетін ең ауыр қатердің бірі. Мұндай әрбір жүргізуші айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Біздің қызметкерлер күн сайын көлікті мас күйінде басқару деректерін анықтайды және әр жағдайда да қатаң шара қолданады.

«Қауіпті жүргізуші» секілді профилактикалық іс-шаралар – ықтимал қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Барлық жүргізушілерді жауапкершілік танытуға шақырамыз. Өйткені рөлге мас күйінде отырған адам тек өз өмірін ғана емес, өзгелердің де өмірін қатерге тігеді», – деп атап өтті Алматы қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Серіктес жаңалықтары