Қазір осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматы қаласындағы Әуезов ауданында полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үй кешенін аралау барысында полиция қызметкерлері есірткі зертханасына айналдырылған пәтерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Пәтер ішінде өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер табылды. Оқиға орнында қажетті бастапқы процессуалдық шаралар жүргізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп, заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар тұлғалар мен мән-жайлар анықталып жатыр.
«Учаске» іс-шарасының мақсаты – тек халықпен байланысты нығайту емес, тұрғын үйлердің өзінде жасырын түрде болуы мүмкін құқық бұзушылықтарды анықтау. Бұл жағдай жүйелі жұмыстың нақты нәтижесін көрсетеді. Есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет – қоғам үшін қауіп, сондықтан заң аясында ең қатаң шаралар қабылдауды жалғастырамыз. Аудан тұрғындарын күмәнді жайттарды дер кезінде хабарлап, үйлеріміз бен ауламыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етуге шақырамыз», – деп атап өтті Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.