$ 508.3  592.17  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында Lada көлігінің иесі жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылып қалды

Ол көлігін мас күйде жүргізген

Павлодар облысында Lada көлігінің иесі жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылып қалды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында ішімдік ішіп алған Lada көлігінің жүргізушісі куәлігінен 7 жылға айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Успен ауданының Қонырозек ауылында полиция қызметкерлері Lada автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің әрекеті күдік тудырды: ол сұрақтарға сәйкес емес жауап беріп, өзін оғаш ұстаған. Медициналық тексеру оның орта дәрежеде мас екенін растады. Жүргізушіге қатысты материал жиналып, сотқа жолданды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

«Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты қызметіміз. Мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Айта кету керек, биыл ауданымызда осындай 17 факті анықталып, барлық құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды», – деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Арман Ашренов.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде рульге отырмауға шақырады, мұндай әрекеттер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Серіктес жаңалықтары