$ 504.49  587.73  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, бүлдіршін қаза тапты

Қайғылы оқиға бүгін сағат 9-да болған

Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, бүлдіршін қаза тапты
Фото: Маңғыстау облысы ТЖД

Ақтауда 8 желтоқсан күні таңертең тұрғын үйдегі өрт қайғылы жағдайға ұласты: пәтерде қалған бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, 28-шағынауданнан өрт туралы хабар «112» пультіне 09:04-те түскен. Оқиға №21 үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған.

Өрт сөндірушілер шақыру орнына алты минутта жетіп, шамамен 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті 09:28-де толық сөндірген.

«Тілсіз жауды ауыздықтау барысында пәтерден ес-түссіз жатқан кәмелетке толмаған жасөспірім табылды. Ол дереу жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Алайда дәрігерлердің көрсеткен көмегіне қарамастан, бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», – деп хабарлады өңірдің ТЖД өкілдері.

Үй тұрғындарын эвакуациялау қажеттілігі болмаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, қаза тапқан баланың жасы нақтылануда.

Серіктес жаңалықтары