Астанада Cinema City ғимараты алапат өртке оранды

Автор: Асыл Арман

Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады

Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин

Астанада Амангелді Иманов көшесіндегі жұмыс істемейтін үш қабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жалын сондай-ақ ғимаратқа жапсарлас салынған жұмыс істемейтін кафе аумағына және ғимараттың сыртқы қаптамасына тараған. Оқиға салдарынан жақын маңда тұрған жүк көлігі де зақымданған.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 қызметіне түскен жоқ», – делінген хабарламада.

Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады.