$ 503.89  587.54  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда 10-сынып оқушысы есірткімен ұсталып, 7 жылға сотталып кетті

Оның тұрақты түрде есірткі пайдаланғаны белгілі болды

Оралда 10-сынып оқушысы есірткімен ұсталып, 7 жылға сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

БҚО прокурорының орынбасары Азамат Құстанов биыл 19 мамырда Орал қаласының соты 10-сынып оқушысын аса ірі көлемде психотроптық заттарды сатқаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырғанын мәлім етті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Прокурордың айтуынша, жасөспірімнің өзі де есірткіні тұрақты түрде қолданған. Соңғы үш жылда өңірде 14 пен 22 жас аралығындағы 49 жасөспірім мен жас азамат сотталған. Оның 39-ы – есірткі сақтағаны үшін, 10-ы – сатқаны үшін. Сол сияқты 35 адамға айыптау үкімдері шығарылған.

2025 жылдың 10 айында есірткіге қатысты қылмыстар саны 11%-ға азайды. Есірткі саудасының негізгі алаңдары – Telegram-арналар мен криптаәмияндар. Есірткі бизнесі қаражатты көбіне «дропперлер» арқылы шығарады, ал олар кейде қылмыстық схемаларға қатысып жатқанын да білмейді.

Биыл облыста 2 мың қазақстандық және 8 мың шетелдік шоттар бұғатталды. Тергеу сотының шешімімен 56 миллион теңге көлеміндегі 241 «есірткі шоты» бұғатталды. Сондай-ақ 10 фитозертхана жойылды. Айналымы 40 миллион теңгеден асатын үш онлайн-есірткі дүкенінің қызметі тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары