Алматыда жер сілкінісіне байланысты қала әкімдігі үндеу жасады
Бүгін қала тұрғындары Қытай аумағында болған жер сілкінісінің дүмпуін сезді
Алматы қаласындағы жер сілкінісіне байланысты әкімдік мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін қала тұрғындары Қытай аумағында болған жер сілкінісінің дүмпуін сезді.
Еске салайық, бүгін Астана уақытымен 12:44-те ҚР ТЖМ-нің сейсмикалық станциялары жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км қашықтықта, Қытай аумағында, 5 км тереңдікте орналасқан. Оның магнитудасы MPV 6,7 құрады.
Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді.
«Барлық ескерту жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді: тұрғындарға Mass Alert арқылы хабарламалар келді, қала сиреналары, сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда дауыстық ескертулер болды, эвакуация жүргізілді. Алгоритм бойынша адамдар ғимараттарды тастап, көшеге шықты», – деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мегаполис билігі тұрғындар мен қонақтарға сабыр сақтап, құтқару қызметтерінің нұсқауларын орындауды сұрады.