$ 503.89  587.54  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы Alatau City Bank Ресейге 31 млрд теңге қарыз болып шықты – БАҚ

Ресейлік БАҚ-та қаржылық схеманың мән-жайы жазылды

Қазақстандағы Alatau City Bank Ресейге 31 млрд теңге қарыз болып шықты – БАҚ
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстандық банктің кесірінен ресейлік бюджетке 1 млрд рубльден астам шығын келгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Baza деректері бойынша, 2019 жылы кипрлік «Паплома Холдингз Лимитед» компаниясы өз қаражатын ресейлік «Капитал-Инвест» коллекторлық агенттігіне инвестициялау туралы шешім қабылдаған. Компанияға «Регион-Строй» және бірнеше ресейлік компания кепіл болған. Алайда инвестицияны қайтару уақыты келгенде фирмаларда ақша жоқ екені белгілі болды. Анықтала келе барлық ақша Қазақстандағы First Heartland Jusan Bank банкіне аударылған болып шықты.

Сот процестерінде «Капитал-Инвест» компаниясының Қазақстандағы банкпен байланысты екені анықталды. Ал «Регион-Строй» аталған банктің техникалық компаниясы ретінде ешқандай қызметпен айналыспайтыны белгілі болды. Сонымен қатар «Регион-Строй» банкі де банкрот ету арқылы қарыздарын қайтармауға әрекет жасаған.

«Бес жылдық сот қарауынан кейін мынандай шешім шыққан: «First Heartland Jusan Bank» қарызды пайыздарымен қоса, жалпы мөлшерде 4 млрд 416 млн рубль (шамамен 31 млрд теңге) сомасында қайтаруға міндетті.

Алайда биыл банк иелерін ауыстырып, атауын «Alatau City Bank» деп өзгертіп жіберді. Жаңа иесі банктің қарызын қайтаруға асығар емес, істі созып отыр. Нәтижесінде ресейлік бюджет қаражат жетіспеушілігін сезініп отыр. Құжаттарға сәйкес, банк кредиторлар талаптары тізімін өтеу кезінде салық пен атқарушы жинақ ретінде 1 миллиард рубльден астам қаржыны төлеуге міндетті», – деп жазды Baza.

Серіктес жаңалықтары