«Қазгидромет» мәліметі жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, 4 желтоқсан күні еліміздің бес қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл құбылыс зиянды қоспалардың жерге жақын ауа қабатында шоғырланып, таралмауына себеп болатын ауа райы факторларына байланысты.
«2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
ҚМУ деген не және ол несімен қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМУ) – бұл мынадай ауа райы құбылыстары:
Яғни ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың жиналуына ықпал ететін факторлар. Бұл әсіресе, құрылысы тығыз салынып жатқан аудандарда немесе өнеркәсіптік аймақтарда ауа сапасының уақытша нашарлауына әкеледі.