04.12.2025, 09:24
Жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр жауады»: бірқатар өңірде алыс жолға шығатын жүргізушілерге ескерту жасалды
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның бірқатар өңіріндегі тасжолда ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 4 желтоқсан күні Ақмола, СҚО, ШҚО, Қызылорда, Қарағанды, Абай, Жетісу, Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
«Осы себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген компания хабарламасында.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды