Қуандық Бишімбаев экс-әйеліне түрмеден ерекше сыйлық жолдады

Автор: Аягөз Құрмаш

Оны туған күні таңертең жеткізу қызметі үйіне апарып берген

Фото: видеодан скриншот

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман 24 жылға сотталған күйеуінен туған күніне ерекше сыйлық алғанын айтты, деп жазады Azattyq Ryhy.

«Бүгін - менің туған күнім. Таңертеңнен бастап сыйлық ала бастадым. Балаларым бәрі құттықтады. Сонымен қатар, менің экс-күйеуім туған күніме сыйлық жасау үшін қатты тырысқан екен. Таңертең Степногорскіден маған сотқа қатысты екі арыз жеткізілді. Бір жыл бұрын балалармен араласу құқығынан айыру туралы сот процестері кезінде ол сенімхат жазған еді, оның күші он айға созылған болатын. Енді ол балалардың саяхаттауына берген рұқсатын кері алғысы келеді. Сонымен қатар балалармен араласу кестесіне қатысты да арыз түсірілген. Мұны мен өте ерекше сыйлық деп қабылдадым. Былтыр сот оны әке құқығынан айырмады. Қазір осы мәселе бойынша тағы да даулар жүріп жатыр», - деді Назым Қаһарман.

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуінен осындай қадам күткенін жеткізді.

«Мен қатты ренжіген жоқпын, өйткені шамамен осындай нәрсе болады деп күттім. Иллюзия жоқ жерде дайындық болады. Мен тек бір жағдайға ғана таңғалатын едім: егер ол істегеніне шынымен өкінсе, балаларын барынша қолдап, алыстан болса да жақсы көріп, олардың бақытына қуансам. Өкінішке қарай, ғажайып болмайды — мұндай адамдар әдетте өзгермейді, қайта нашарлайды. Бұл – менің жеке тәжірибеге негізделген пікірім», – деп қосты ол.

Еске салсақ, экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған еді.