Қазақстанның 12 қаласында экология күрт нашарлайды
«Қазгидромет» мәліметі жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 3 желтоқсанда, еліміздің 12 қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл – зиянды қоспалардың жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмай қалуына себеп болатын ауа райы факторларының үйлесуінен туындайды.
«2025 жылдың 3 желтоқсанында Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Астана, Петропавл, Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМҚ.
ҚМУ деген не және ол несімен қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМУ) – бұл:
- Тымық ауа,
- әлсіз жел,
- тұман,
- температуралық инверсия.
Олар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, ауада жиналуына ықпал етеді. Соның нәтижесінде, әсіресе құрылысы тығыз салынып жатқан аудандар мен өнеркәсіптік аймақтарда, ауа сапасы уақытша нашарлайды.