$ 508.2  589.82  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам өмір сүреді

Оның ішінде 117 мың адам – 18 жасқа толмаған

Қазақстанда 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам өмір сүреді
Фото: freepik.com

Қазақстанда денсаулығына байланысты қанша адамның мүгедектігі бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық мүгедектер күні әлемнің барлық елінде 3 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл күн инклюзивті қоғам құру мәселесіне тағы бір мәрте назар аударып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар туралы айтуға мүмкіндік береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінде республикада 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі әрі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты міндеттерінің бірі.

«Қазақстанда тұратын 743,9 мың МБА-ның ішінде 414 мың адам немесе 55,7%-ы еңбекке қабілетті жаста, 212,9 мың адам немесе 28,6%-ы зейнеткерлік жаста, ал 117 мың адам немесе 15,7%-ы – 18 жасқа дейінгі балалар», – делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары