Қазақстанда доллардың бағамы 513 теңге болып белгіленді

Автор: Асыл Арман

Ұлттық банктің 1 желтоқсанға арналған ресми бағамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 513,45 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,88 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің 1 желтоқсанға арналған ресми доллар бағамы – 512,53 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы 513,03 теңге, сату бағасы – 514,99 теңге.

Астанадағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 510,54 теңгеге сатып алып, 517,54 теңгеге сатады.

Шымкентте долларды орташа есеппен 512,88 теңгеге сатып алып, 514,93 теңгеге сатады.