$ 512.53  592.43  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде кондуктор жол ақысын төлемеді деп мектеп оқушысын автобустан түсіріп жіберген

Ол осы ісі үшін жауапқа тартылды

Семейде кондуктор жол ақысын төлемеді деп мектеп оқушысын автобустан түсіріп жіберген
Фото: istockphoto.com

Семейде кәмелетке толмаған жолаушыны автобустан түсіріп жіберген кондуктор әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған mysemey Instagram парақшасында жарияланған видео себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның анықтауынша, 24 қараша кешкі уақытта жасөспірім №22 автобуста келе жатқан. Алайда интернет байланысының болмауына байланысты жолақысын төлей алмаған. Жасөспірім байланыс қалпына келуін күте тұруды сұрағанына қарамастан, кондуктор оны салоннан шығуды талап етіп, қараңғы уақытта күштеп түсіріп жіберген.

Тексеру нәтижесінде әйел адам кәмелетке толмаған, яғни 16 жасқа толмаған баланы жалғыз көліктен заңсыз түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бап бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

«Полиция департаменті кәмелетке толмағандарды қоғамдық көліктен түсіруге жол берілмейтінін және бұл – жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу екенін атап өтеді», – деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары