$ 512.53  592.43  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Еуропаға оқуға түсіремін»: Астана тұрғыны 52 адамнан 152 млн теңге сыпырып алды

Ол алаяқтығы үшін 6 жылға сотталды

«Еуропаға оқуға түсіремін»: Астана тұрғыны 52 адамнан 152 млн теңге сыпырып алды
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының тұрғыны білім беру саласында қызмет көрсетеміз деген желеумен 52 адамнан жалпы сомасы 152 млн теңге сыпырып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті білім беру орталығының негізін қалаушы бола тұра, әлеуметтік желідегі аккаунттар және бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалар арқылы азаматтарға шетелде оқытуды ұйымдастыру желеуімен Еуропаның жоғарғы оқу орындарына түсіруді және шетелде бір жылдық тіл білімінен босатуға мүмкіндік беретін халықаралық сертификаттарды беруге уәде етіп курстарға жазылуды ұсынған.

Алайда уәде етілген сертификаттар берілмеген, ал шет елге оқуға түсу іс жүзінде орындалмаған.

«Сотталғанның компаниясында көрсетілген салада қызметті жүзеге асыру үшін халықаралық аккредитация болмаған. Мәселен, халықаралық сертификатты алып, баласын Еуропада білім алуға дайындатуға ниет білдірген жәбірленушілердің бірі 3 млн теңгеге жуық шығынға ұшырады.

Кінәлінің өзіне жүктелген міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмағаны, ал жәбірленушілермен келісім-шартты қылмыстық ниетін орындау мақсатында жасағандығы және ұрланған ақша қаражатын өзінің жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны дәлелденді.

Сотталған өз кінәсін мойындаған жоқ», – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен кінәлі 7 жылға оқу орындарын ұйымдастыруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін назарға салады.

Серіктес жаңалықтары