$ 512.53  592.43  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында алаяқтарға көмектескен дроппер әйел ұсталды

Қыркүйек айынан бастап оның шотына 2 миллион теңгеден астам қаражат түскен

Алматы облысында алаяқтарға көмектескен дроппер әйел ұсталды
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында алаяқтардың «табысына» көмектескен «дроппер» әйел істі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысының прокуратурасы «дропперлік» әрекеті үшін жаңа 232-1-бап бойынша алғаш рет сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тексеру барысында Еңбекшіқазақ ауданының тұрғынының алаяқтарға ұрланған қаражатты аударуға делдал болғаны белгілі болды. Әйел адам OLX сайтындағы «онлайн-төлемдер операторы» туралы жалған хабарландыруға алданып, өз банк картасын қылмыскерлерге пайдалануға берген.

Қыркүйек айынан бастап оның шотына 2 миллион теңгеден астам қаражат түскен. Оның 5 пайызын әйел «комиссия» ретінде қалдырып отырған. Қалған қаражат алаяқтардың есепшоттарына аударылған.

Прокуратураның дерегі бойынша, бұл – алаяқтар жиі қолданатын схема. Олар ұрланған ақшаны қолма-қол ету үшін өз шоттарын пайдалануға дайын адамдарды іздейді. Енді заң мұндай «дропперлерге» де, олардың іс әрекеттерін ұйымдастыратындарға да қатаң жаза белгілейді.

Қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасымен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап «дропперлік» әрекет қылмыстық жауаптылыққа жатады. Жауапкершілікке тек өз реквизиттерін бөтен адамдарға беретіндер ғана емес, сондай-ақ өзгенің банк карталарын сатып алатын немесе пайдаланатын адамдар да тартылады.

«Дропперлік» әрекет, яғни басқа тұлғалардың шоттарын қылмыстық мақсатта басқару үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылықтың қарастырылғанын еске түсіреміз.

Банктік карталарыңызды, ПИН-кодтарыңызды, логиндеріңіз бен құпиясөздеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз және күмәнді интернет ресурстарда жеке деректеріңізді енгізбеңіз», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары