Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғалды
Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 30 қараша күні ҚалҚаман – Баянауыл – Керней автожолында, Бірлік ауылынан 12 шақырым жерде Lada-21703 және Lada-21723 маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды», – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апат салдарынан жеті адам жарақат алды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Департамент мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, көліктің техникалық жағдайын бақылаудың және ауа райының өзгерістерін ескерудің маңыздылығын еске салды.