Жітіқарада сумен жабдықтау желілерін салу кезіндегі былықтар әшкере болды
Мемлекетке 100 млн теңгеден астам қайтарылды
Жітіқара ауданында сумен жабдықтау желілерін салу жобасы бойынша төленген, бірақ игерілмеген аванс сот шешімімен қайтарылып, мемлекетке 112 млн теңге өндірілді. Бұл прокуратура жүргізген тексерістен кейін мүмкін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай облысында Жітіқара ауданының прокуратурасы бюджеттік жобаларды іске асыру кезінде өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамаған мердігер ұйымдарға қатысты қабылданатын шаралардың толықтығына талдау жүргізді.
«Тексеру барысында «Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Теплоэнергострой» ЖШС мердігеріне төленген авансты қайтару бойынша заңнамада көзделген шараларды қабылдамағаны анықталды.
Мәселен, 2022 жылдың маусым айында құрылыс бөлімі мен «Теплоэнергострой» ЖШС арасында құны 880,8 млн теңге болатын «Жітіқара ауданының Чайковское ауылын сумен жабдықтау желілерінің құрылысы» объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға шарт жасалды. Мердігерге 107,4 млн теңге көлемінде аванс аударылды және бұл сома "Freedom Finance Insurance «Сақтандыру компаниясы» АҚ-да осыған ұқсас сомаға сақтандырылды.
Алайда мердігер өз міндеттемелерін орындамаған: орындалмаған жұмыс көлемі 338,1 млн теңгені құрады, аванс сомасы да игерілмеген. «Теплоэнергострой» ЖШС-мен шарт біржақты тәртіппен бұзылды, «Теплоэнергострой» ЖШС-нің төленген авансы өз еркімен қайтарылмады. Сақтандыру компаниясы да ерікті түрде сақтандыру төлемін төлемеген», – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокурорлық ден қою актісі бойынша құрылыс бөлімі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді. Сот шешімімен сақтандыру компаниясынан мемлекеттік бюджетке толық көлемде түскен 112 млн теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі өндірілді.
Бұған дейін Қостанай облысының «Теплоэнергострой» МАЭС шешімімен мемлекеттік сатып алуға керек емес қатысушы деп танылған, сондай-ақ одан 34 млн теңге сомасында тұрақсыздық айыбы өндірілген.
Құрылыс бөлімінің жауапты лауазымды тұлғалары заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Құрылысты аяқтау үшін «Story Company Inc» ЖШС-мен жаңа шарт жасалды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмысы толық орындалды, техникалық құжаттаманы келісу жүргізіліп жатыр.