28.11.2025, 23:08
Жаңалықтар
Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды
Ол бүгінге дейін Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шынар Қуанышқызы Ақпарова оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
- 2001-2010 жылдары – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, №135 Атасу негізгі мектебі, Атасу стансасы.
- 2010-2011 жылдары – әдіскер, Қарағанды қаласының №26 кәсіптік лицейі, Қарағанды қаласы.
- 2011-2012 жылдары – аға әдіскер, Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, Қарағанды қаласы.
- 2012-2013 жылдары – жетекші маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы.
- 2013-2018 жылдары – бас маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы.
- 2018-2020 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, Қарағанды қаласы.
- 2020-2023 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.
- 2023-2025 жылдары – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
- 2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Көп оқылған
27.02.2026, 13:40
Атырауда бұрынғы қайын жұртын қырып тастады деген күдікті Индонезияда қалай қолға түскен (ВИДЕО)
27.02.2026, 06:10
Щучинскідегі кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алды
27.02.2026, 11:00
Қол-аяғы көгеріп, әбден қиналған: Дубайда жарысқа қатысқан қазақ қызы қандай қиындықтан өткенін көрсетті (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
27.02.2026, 10:00
Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)
26.02.2026, 14:20
«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған