$ 516.86  598.68  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ауыл аманаты» бағдарламасына 2029 жылға дейін 600 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді

Жоба аясында екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты» бағдарламасына 2029 жылға дейін 600 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді
Фото: istockphoto.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл аманаты» бағдарламасына бөлінетін қаражат туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент өз сөзінде ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге баса мән беру керек екенін, ол үшін алдымен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуымыз қажеттігін мәлім етті. Айтуынша, осы бағытта біршама жұмыс атқарылды. Оның пайдалы екені де көпшілікке белгілі.

«Алайда бірлескен шаруашылықтар әзірге ауыл экономикасының тірегі бола алмай тұр. Көбіне мұндай кооперативтерді бірнеше адам ғана құратыны жасырын емес. Олар жеке шаруашылық иелері және өнім өңдеушілер арасында делдал болып жүреді. Соған қарамастан мемлекеттен жеңілдіктер алады. Рас, мұндай теріс әрекеттерге тыйым салынбаған. Бірақ бұл ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға кедергі келтіреді.

Бірлестік (кооператив) құру бүкіл ел бойынша жүргізілуі керек. Сонда ғана ауылдағы ағайын бұл жұмыстың игілігін көреді. Жеке шаруалар біріге алмаса, мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы бар еңбегі зая кетеді. Сондықтан бұл жұмысты белсенді түрде қолға алуымыз қажет», – дейді президент.

Ол өз сөзінде «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беріп отырғанын айтты. Жоба аясында екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді, дейді президент.

Серіктес жаңалықтары